Placeholder
Фото: ktf.kz
Спорт10 ақпан 2024, 9:00

Михаил Кукушкин Ноттингем турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Михаил Кукушкин Ноттингем (Ұлыбритания) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық спортшы ширек финалда әлемнің 225-ракеткасы, болгариялық Димитар Кузмановты қапы қалдырды.

Сағат жарымға созылған бәсекеде М.Кукушкин 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 5 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін құр жібермеді. Д.Кузмановтың есебінде 1 эйс, 1 брейк (3 брейк-пойнт) бар.

Михаил Кукушкин әлемнің 250-ракеткасы, франциялық Маттео Мартиномен финалдың жолдамасын сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Әбу-Даби турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин Ноттингем турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Михаил Кукушкин Ноттингем жартылай финал

Тақырыпқа жаңалықтар