Placeholder
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Спорт18 ақпан 2024, 9:00

Михаил Кукушкин Бахрейндегі челленджер жарысының жеңімпазы атанды

Қазақстандық, әлемнің 231-ракеткасы Михаил Кукушкин Манама (Бахрейн) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 130-ракеткасы, франциялық Ришар Гаскемен бас жүлдені сарапқа салды.

М.Кукушкин бірінші партияда тай-брейкте басым түсті – 7:6 (7:5). Содан кейін екінші сетті де алды – 6:4.

Бір сағат 45 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Кукушкин 2 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Р.Гаске 3 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті. Михаил Кукушкин осы табысының арқасында ATP Live рейтингісінде бірден 162-орынға көтеріліп тұр.

 

Михаил Кукушкин челленджер турнир жеңіс Бахрейн

Тақырыпқа жаңалықтар