Placeholder
Фото: Шамкен Байырбек
Спорт24 қаңтар 2024, 17:00

Канвон-2024: Қазақстан жалпы медальдар кестесінде 16- орынға сырғыды

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының бесінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде 16- орынға сырғыды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Әзірге ел құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 қола медаль бар. Ал жалпы медальдар кестесінде Италия құрамасы ешкімге дес берер емес. Олардың қоржынында дәл қазіргі уақытта 9 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар.

Екінші орында келе жатқан Франция құрамасының еншісінде 6 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль болса, үздік үштікті түйіндеп тұрған Германия құрамасының қоржынында 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль бар.

Қазірге дейін Канвон Олимпиадасының медаліне 80 мемлекеттен 30 ел қол жеткізіп үлгерген.

Медальдар кестесіндегі алғашқы ондыққа енген елдер:

1. Италия – 9 алтын, 2 күміс, 2 қола (13)

2. Франция – 6 алтын, 2 күміс, 3 қола (11)

3. Германия – 6 алтын, 3 күміс, 2 қола (11)

4. Қытай – 4 алтын, 7 күміс, 1 қола (12)

5. Австрия – 2 алтын, 6 күміс, 5 қола (13)

6. Оңтүстік Корея – 2 алтын, 2 күміс, 4 қола (8)

7. Швеция – 2 алтын, 1 күміс, 3 қола (6)

8. Словения – 2 алтын, 1 күміс (3)

9. Нидерланды – 2 алтын (2)

10. АҚШ – 1 алтын, 4 күміс (5)

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының алауы 19 қаңтар күні тұтанды. Канвон провинциясының Каннын қаласында өтетін жылдың басты жарысында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында 41 спортшы 5 спорт түрінен бақ сынап жатыр.

Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпан күні мәресіне жетеді. Аталған жарысқа әлемнің 80-ге жуық елінен 1 800 спортшы 7 спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығы сарапқа салуда.

Канвон-2024 медальдар кестесі Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар