Placeholder
Спорт29 қаңтар 2024, 10:12

Канвон-2024: Қазақстан медальдар кестесінде 17-орында

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының тоғызыншы күні Қазақстан құрамасы 17-орынға сырғыды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы медальдар кестесінде Чехия және Польша құрамаларымен бірге 17-орынды өзара бөлісіп тұр.

Ал жалпы командалық есепте әзірге Италия құрамасына тең келер ешкім болмай тұр. Бүгін олар алтын медальдар сынын 10-ға жеткізді. Италиялықтардың еншісінде 10 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль бар.

Ал екінші орында 7 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен Германия құрамасы келе жатса, үздік үштікті 6 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен Франция құрамасы түйіндеп тұр.

Медальдар кестесіндегі алғашқы ондыққа енген елдер:

1. Италия — 10 алтын, 2 күміс, 3 қола (15)
2. Германия — 7 алтын, 3 күміс, 4 қола (14)
3. Франция — 6 алтын, 3 күміс, 4 қола (13)
4. Қытай — 5 алтын, 8 күміс, 3 қола (16)
5. АҚШ — 4 алтын, 7 күміс, 2 қола (13)
6. Австрия — 4 алтын, 6 күміс, 5 қола (15)
7. Оңтүстік Корея — 4 алтын, 5 күміс, 4 қола (13)
8. Нидерланд — 3 алтын, 1 күміс, 1 қола (5)
9. Ұлыбритания — 3 алтын, 1 күміс (4)
10. Швеция — 2 алтын 3 күміс, 3 қола (8)

Канвон-2024 медальдар кестес

Тақырыпқа жаңалықтар