Placeholder
Фото: Olympic.kz
Спорт6 мамыр 2024, 9:12

Grand Slam: Камила Берліқаш жартылай финалға шықты

Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күнінде қазақстандық Камила Берліқаш жартылай финалға жолдама алды.Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, 78 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан Камила жарысты екінші айналымнан бастап, Украина мен Оңтүстік Корея спортшыларынан басым түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жартылай финалда Берліқаш польшалық Кинга Вольцшакпен белдеседі, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ал, бүгін сынға түскен Ислам Бозбаев пен Нұрлыхан Шархан (екеуі де 100 келі) екінші айналымда жеңілісе, Дидар Хамза (90 келі) жұбаныш белдесуінде Грекия спортшысына есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы турнирді 1 күміс, 2 қола медальмен аяқтағалы отыр.

 

Grand Slam Камила Берліқаш жартылай финал

Тақырыпқа жаңалықтар