Placeholder
Фото: ҰОК
Спорт1 сәуір 2024, 14:42

Гимнастар Антальяда екі медаль жеңіп алды

Түркияның Анталья қаласында өткен спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы турнирде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл жарыста Ұлттық құрама спортшылары 2 жүлдеге ие болды.

Ат снарядында Нариман Курбанов күміс жүлдегер атанды (14.850 ұпай). Қазақстандық спортшы 1-орын алған Ахмад Әбу әл-Саудтан (14.900) небәрі 0, 050 балл қалып кетті.

Осы сында өнер көрсеткен Ұлттық құраманың тағы бір өкілі Зейнолла Ыдырысов жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Ол қола жүлдегер украиналық атлетпен (Родомир Стельмах) бірдей ұпай жинаған (14.000). Алайда бағдарламаның қиындығы жағынан қарсыласы басымдыққа ие болды.

Осыдан кейін Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуында алтыннан алқа тақты. Ол финалда 14.300 ұпай жинап, Украина құрамасының 2 гимнастынан едәуір озып кетті.

 

Challenge Cup түркия қазақстандық спортшылар екі медаль

Көп оқылғандар:

Тақырыпқа жаңалықтар