Placeholder
Фото: kff.kz
Спорт8 мамыр 2024, 19:03

ФИФА: Қазақстанның футзал құрамасы рейтингте 4-орында тұр

ФИФА футзалдан ұлттық құрамалары арасындағы алғашқы рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media

Аталған рейтингте Қазақстан құрамасы 8-орынға жайғасқан. Ал УЕФА рейтингінде біздің құрама 4-орында тұр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Айта кетсек, осы уақытқа дейін футзал әлемдік рейтингін Futsalplanet тәуелсіз порталы жасаған болатын.

Рейтингте Бразилия, Португалия, Испания алғашқы үштікте тұр.

Одан кейінгі орындарға Иран, Аргентина, Марокко, Ресей жайғасқан.

Сәуір айында ұлттық құрама екі жолдастық кездесудің бірінде Өзбекстанға 5:6 есебімен есе жіберсе, тағы бірінде 2:2 есебі тіркелді.

Сондай-ақ, ел құрамасы жолдастық кездесуде Қырғызстанды 3:2 есебімен жеңді.

Биыл 14 қыркүйек-6 қазан аралығында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Топтық кезеңнің жеребесі 26 мамырда болады.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

ФИФА футзал құрамасы 4-орын

Тақырыпқа жаңалықтар