Placeholder
Фото: Қазақстан гимнастика федерациясы
Спорт11 наурыз 2024, 1:11

Эльжана Таниева Испаниядағы Гран-при кезеңінде алтын алды

Көркем гимнастикадан Испанияның Марбелье қаласында өткен Гран-при кезеңінде қазақстандық Эльжана Таниева жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Қазақстан гимнастика федерациясынан мәлім еткендей, доппен жаттығудың финалында өнер көрсеткен Эльжана Таниева төрешілерден 33.400 ұпай алып, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Бұл сында өзбекстандық спортшы Тахмина Икромова күміс медаль (32.600) иегері атанса, словениялық гимнасшы Екатерина Веденеева (32.200) үздік үштікті түйіндеді.

«Эльжана Таниева мен бапкері Әлия Мақсұтқызын алтын жүлдемен құттықтаймыз», делінген федерация мәлімдемесінде.

Эльжана Таниева Гран-при Испания көркем гимнастика

Көп оқылғандар:

Тақырыпқа жаңалықтар