Placeholder
Фото: спортшының Instagram парақшасынан
Спорт23 ақпан 2024, 10:23

Дмитрий Попко Наплес АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстандық, әлемнің 325-ракеткасы Дмитрий Попко Наплес (АҚШ) ITF турнирінің ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Д.Попко әуелі дүниежүзілік рейтингіде 730-орында тұрған америкалық Якоб Брумды 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Дмитрий екінші айналымда рейтингіде 1160-сатыдағы тағы бір америкалық Трей Хильдебрандты 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Дмитрий Попко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 495-ракеткасы, румыниялық Габи Адриан Бойтанмен таласады.

Ол  Г.Бойтанды 17 ақпанда Палм-Коуст жарысында жеңген. 

Сөйтіп Флорида штатында екі додада жеңімпаз атанған Д.Попко қатарынан осымен 12 матчта жеңіске жетіп отыр.

Теннис АҚШ Дмитрий Попко ширек финал

Тақырыпқа жаңалықтар