Placeholder
Фото: Sports.kz
Спорт7 мамыр 2024, 23:25

Дмитрий Попко Бразилиядағы жарыстың 1/8 финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 223-ракеткасы Дмитрий Попко Сантос (Бразилия) челленджер турнирінің 1/8 финалына өтті. Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 529-орында тұрған аргентиналық Иван Хустоның меселін қайырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Д.Попко бірінші партияда қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екіншісінде де есесін жібермеді – 7:5, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Дмитрий 7 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Хусто 10 брейк-пойнттың екеуін ғана өз есебіне жазды.

Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін рейтингіде 340-сатыдағы тағы бір аргентиналық Ернан Казановамен таласады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 134-ракеткасы Михаил Кукушкин Рим мастерс турнирі іріктеу сайысының финалында кезінде рейтингіде 8-орынға дейін көтерілген аргентиналық Диего Шварцманнан 6:4, 2:6, 3:6 есебімен жеңіліс тауып, негізгі жарысқа өте алмады.

Сондай-ақ әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Уси (Қытай) челленджер додасының алғашқы айналымында күтпеген жерден рейтингіде 284-сатыдағы тайбэйлік Ву Танг-Линнан ұтылып қалды – 3:6, 4:6.

Дмитрий Попко 1/8 финал Теннис

Тақырыпқа жаңалықтар