Placeholder
Фото: ҰОК
Спорт9 мамыр 2024, 12:12

Балуандарымыз Олимпиаданың соңғы лицензиялары ойнатылатын турнирге қатысады

9 мамыр күні Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын соңғы лицензиялық турнир басталады.Аталған турнирде 54 олимпиада жолдамасы сарапқа салынады. Қазақстан балуандары оның ішінде 11 лицензияға таласады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан балуандарының еншісінде жалпы есебі жеті жолдама бар. Оның төртеуін грек-рим күресінің өкілдері иеленсе, үшеуі – еркін күрес шеберлерінде. Ал бұрымды балуандарымыз әлі бірде-бір жолдамаға қол жеткізе алған жоқ, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Олимпиадаға соңғы іріктеу турниріне әлемнің 93 мемлекетінен 517 балуан қатысады.

Стамбул қаласында өтетін әлемдік турнирде әр салмақтан үш балуан жолдамаға ие болады.

Жолдамаға таласатын қазақстандық балуандар:

Әйелдер күресі:50 келі - Лаура Ғаниқызы;53 келі - Марина Седнева;57 келі - Лаура Алмағанбетова;62 келі - Ирина Кузнецова;68 келі - Елена Шалыгина;

76 келі - Эльмира Сыздықова

Еркін күрес:57 келі - Рахат Қалжан;65 келі - Адлан Асқаров;74 келі - Талғат Сырбаз.

Грек-рим күресі:67 келі - Дін-Мұхаммед Қошқар97 келі - Юсуф Мациев

балуандар соңғы лицензия Олимпиада турнир

Тақырыпқа жаңалықтар