Placeholder
Фото: gov.kz
Спорт2 наурыз 2024, 11:20

Астанада пара үстел теннисінен турнир басталды

Елорда төрінде Пара үстел теннисінен «ITTF Fa20 Astana para open 2024» турнирі басталды. Осыған орай ресми түрде салтанатты ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Салтанатты іс-шараға ҚР Туризм және спорт вице -министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласының әкімінің орынбасары Есет Байкен, Халықаралық пара үстел теннисі федерациясының өкілі Пабло Перес қатысты.

Аталған турнир 1-3 наурыз күндері аралығында өтеді. Бұл додаға әлемнің ең үздік 19 елінен пара спортшылар келіп, бақ сынап жатыр.

Олардың арасында Паралимпиада чемпиондары Елена Прокофьева (AIN), Уилл Бэйли (Ұлыбритания), Алена Канова (Словакия), Лондон Паралимпиадасының чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Томми Урхайг (Норвегия) пен бірнеше Паралимпиада, әлем чемпионатының жүлдегерлері бар.

Айтулы додада ел намысын Астана қаласының пара спортшылары да қорғап жатыр. Атап айтқанда, елордалық Сәуле Айдарханова, Балзия Таш, Александра Степанова, Алтынай Ержанқызы, Гүлмира, Қайдасова, Райымбек Жақыпбек, Жанна Алиева, Ринат Гильфанов және Данил Никитин бастаған спортшыларымыз жүлделі орындарға таласады.

 

ITTF Fa20 Astana para open 2024 Пара үстел теннисі Астана

Тақырыпқа жаңалықтар