Placeholder
Фото: Sports.kz
Спорт4 ақпан 2024, 10:00

Александр Бублик Монпелье турнирінің финалына өтті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда канадалық спортшы 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші және үшінші сетте Бублик ойын тізгінін қолына алды - 6:4, 6:4.

Екі сағат 37 минутқа созылған матчта А.Бублик 14 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Канадалық спортшы 9 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Александр Бубликтің финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Александр Бублик Монпелье Финал

Тақырыпқа жаңалықтар