Placeholder
Фото ашық дереккөзден
Спорт27 қаңтар 2024, 9:00

Абиба Абужақынова Португалиядағы Гран-при турнирінің қола жүлдегері болды

Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Португалияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінің қола жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады. 

Халықаралық турнирде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалында Сила Ерсінді (Түркия) ұтты.

Турнир барысында барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде Эмбер Гершес (Нидерланд) пен Лаура Эспадинханы (Франция) қапы қалдырды.

Ширек финалда жапониялық Кано Миякиге есе жіберді. Одан кейін жұбаныш белдесуінде бельгиялық Лоис Петиттен басым түсіп, кіші финалға жолдама алды.

Айта кетсек, Португалияның Одивелаш қаласында басталған Гран-при додасы - дзюдодан 2024 жылғы маусымның алғашқы ресми рейтингтік жарысы. Оған әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы қатысып жатыр.

Еске салсақ, алда өтетін күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатында ел құрамасы іріктеледі.

Абиба Абужақынова Дзюдо Португалия қола жүлде

Тақырыпқа жаңалықтар