Placeholder
ФОТО: tellerreport.com
Әлем9 ақпан 2024, 12:23

Жұмысшылар үй астынан 15 адамның сүйегін тапты

Германияның батысындағы жұмысшылар үй астынан 15 адамның қаңқасын тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы Липпетал шағын қалашығында болған.

Құрылысшылар тұрғын үйді бұзып жатқан кезде іргетасының астынан 15 адамның сүйегін тапты.

Полиция тергеп-тексеруді бастады.

Бастапқы бағалау бойынша, тергеушілер адам қаңқалары кем дегенде 40-50 жыл жерде жатқан деп есептейді.

Сүйектер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 

Германия жұмысшылар адам қаңқасы адам сүйектері

Тақырыпқа жаңалықтар