Placeholder
Фото: Pavlo Bagmut/Ukrinform/IMAGO
Әлем10 ақпан 2024, 16:00

Зеленский УҚК Бас штабының бастығын ауыстырды

Генерал-лейтенант Сергей Шаптала бұл қызметтен босатылды, оның орнына бұрын аумақтық қорғаныс күштерін басқарған генерал-майор Анатолий Баргилевич тағайындалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Украина президенті кешкі бейнеүндеуінде айтты.

Зеленский Баргилевичті «осы соғыстың міндеттерін және украиналық мақсаттарды түсінетін тәжірибелі адам» деп атады.

Сондай-ақ Украина басшысы Баргилевичті Бас штабтың басшысы етіп тағайындауды ұсынған Украина Қарулы күштерінің жаңа бас қолбасшысы Александр Сырский екенін айтты.

 

УҚК Бас штабының бастығы Сергей Шаптала Анатолий Баргилевич

Тақырыпқа жаңалықтар