Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Әлем31 қаңтар 2024, 15:12

Жасанды интеллект алдағы бес жылда өзгертетін он сала

Соңғы жылдары жасанды интеллект әлемге қатты ықпал етіп отыр. Елдің көбі ChatGPT және Midjourney құралдары көмегімен мәтін алуды, сурет салуды үйреніп алды. Бірақ бұл бер жағы, ал ар жағында үлкен төңкеріске тең дүниелер жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tanym Media телеграм арнасы жазады. 

Адгер (Норвегия) университетінің профессоры Мортен Гудвин 2029 жылға дейін жасанды интеллект әлемді қалай өзгертетіні туралы болжам жасапты:

Жаппай қарулану
Енді ең озық қаруларды жасанды интеллект жасайды. Бұл бәсекеде Қытай жеңеді дейді.
Соғыста шешімді генерал емес, ЖИ қабылдайтын болады.

Ойын-сауық 
Фильм, музыка, видеоойындарды ЖИ жасайды. (Қоянбаевтар жұмыссыз қалады.
 
Лекция, емтиxандарды ЖИ алмастырады.
Университет, колледждер өзгереді, бірақ орта мектеп сол қалпында қалады.

 Саясат
Ұлттық құрылтай, неше түрлі кеңес құрудың керегі жоқ. Саяси шешім қабылдауда жасанды интеллект таптырмас кеңесші болады.

Еңбек нарығындағы төңкеріс

Енді бағдарламашы мамандығы да жойылады. Тек ЖИ-ді басқаратындар қалады.

Медицинадағы ЖИ
Адамдарды құйтақандай нанороботтар емдейді. Әйелдердің бетіне ботокс керек емес, роботтар әжімді де кетіріп береді.

 Ғарышты зерттеу
Илон Маск дәуірлей береді.

ЖИ адам сияқты әмбебап бола түседі.

Жасанды жәрдемші
 Ойыңды айтқызбай ұғып, орындай салатын цифрлы көмекшілер пайда болады. Мысалы, ол сенің қарның ашқанын өзі біліп, тамақ жасай береді.

ЖИ ChatGPT Әлем ықпал

Тақырыпқа жаңалықтар