Placeholder
Фото: MISS NIPPON ASSOCIATION
Әлем25 қаңтар 2024, 14:13

«Жапон аруы» байқауында украин қызы жеңімпаз атанды

Украинаның Тернополь қаласының тумасы Каролина Сиино «Жапон аруы-2024» байқауының жеңімпазы атанды.Бірақ оған қарсылық білдіргендер көп болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform ВВС агенттігіне сілтеме жасап жазады.

Ол Жапониядан тыс жерде туғанымен қатар, қатысушылардың ішіндегі ең үлкені (26 жаста) еді.

Тәжін алған Каролина қуаныштан жылап жіберді.

«Болып жатқанның бәрі түс сияқты» деді ол жапон тілінде.

Каролина 1998 жылы Тернопольде қарапайым украин отбасында дүниеге келген.

Бірақ кейін оның анасы жапон жігітіне тұрмысқа шығып, қыз небәрі бес жасында Нагояға көшеді.

Ол жаңа елдің тілін тез меңгеріп, өзін нағыз жапон қызындай сезінгенімен, есейген сайын барлығының оған оғаш қарайтынын ұқты.

Каролина 2022 жылы ел азаматтығын алған соң «Жапония аруы» байқауына қатысуға өтініш берді.

Өзінің айтуынша ол мұны «адамдарды сырт келбетіне қарай бағаламайтын қоғам құру» үшін жасаған.

Қалай болғанда да, Каролинаның өзге ұлт өкілі бола тұра «Жапония аруы» атануы жапон қызы қандай болуы керек деген дауға май құйғандай болды.

Дауласқан екі топтың бірі Каролинаның жеңісі «уақыт белгісі» десе, екінші тарап Жапония аруы басқаша болуы керек десті.

Тағы біреулер украин қызын жеңімпаз деп таңдаудың саяси астары бар деді.

Бірақ «Жапония аруы» байқауының бас ұйымдастырушысы Ай Вада ВВС-ге берген сұхбатында төрешілердің Каролинаны жеңіске әбден лайық деп тапқанын айтты.

«Ол жапон тілінде әдемі және дұрыс сөйлейді, еркін жазады. Ол жапонға бізден гөрі жақын»,-деді Вада.

Жапон азаматтығын алғаннан кейін Каролина Instagram парақшасында «жапонға ұқсамасам да, осы елде өскендіктен жапон менталитетін бойыма сіңіріп өстім» деп жазды.

Сиино – «Жапония аруы» байқауының 56-шы жеңімпазы.

Бұл 1950 жылдан бері өткізіліп келе жатқан елдегі ең көне сұлулық байқауы.

Жапон аруы украин қызы Каролина Сиино

Тақырыпқа жаңалықтар