Placeholder
Валерий Залужный Фото: EPA/ТАСС
Әлем10 мамыр 2024, 9:12

Залужный Украинаның Ұлыбританиядағы елшісі болып тағайындалды

Залужный Украинаның Ұлыбританиядағы елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы жарлық 9 мамырда президент Владимир Зеленскийдің сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сол күні таңертең Украина қарулы күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы «денсаулығына байланысты әскери киім кию құқығымен» жарлықпен әскери қызметтен босатылған.

Сәуір айында Ұлыбритания Украина елшісі қызметіне Валерий Залужныйдың кандидатурасын мақұлдады.

50 жастағы Залужныйдың дипломатиялық тәжірибесі жоқ.

Алайда 2020 жылы халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Сонымен қатар, бұрынғы бас қолбасшы дипломатиялық қызмет бойынша қосымша дайындықтан өтіп, елшілікте жұмыс істейтін жаңа команда жасақтап жатыр.

Залужный Ұлыбритания Елші Украина

Тақырыпқа жаңалықтар