Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Әлем9 ақпан 2024, 16:23

Витилигоның емі табылды

Адамның иммундық жүйесі өзінің меланоцит жасушаларын бұзған кезде витилиго пайда болады. Сондықтан оны аутоиммундық ауру деп атайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tanym Media жазады. 

Меланоциттер меланинді түзеді, бұл терімізге түс беретін және оны қорғайтын пигмент.

Меланоцит бүлінсе адам денесінде ақтаңдақтар пайда болады.

Қазірге дейін витилигоны емдейтін препараттар тек ағзаның меланоцитті жоймауына бағытталып келді.

Ол үшін ультрафиолет сәулесін пайдаланады. Бірақ одан ақтаңдақ кете қоймайды.

АҚШ ғалымы, биомедицина кафедрасының доценті Эндрю Уайт осы емді жетілдіріп, гель ойлап тауыпты.

Уайт енді патент алайын деп жатыр.

Ол емнің үш факторын үйлестіреді:

Меланоцитті жойғызбайтын иммунодепрессанттар;

Ультрафиолеттің әсері;

Простагландин препараты.

Простагландин — гормонға ұқсас зат және жиі қолданылады.

Дәрігерлер осындай молекула бар гельді босануға көмектесу үшін пайдаланады.

Ғылым жаңалықтары бүкіл әлемде ақпараттық технологиялар мен биотехнология қауырт дамып жатқанын көрсетіп отыр.

Медицинадағы инновациялар —биотехнология нәтижесі.

витилиго емдеу жаңалық гель

Тақырыпқа жаңалықтар