Placeholder
Фото: wirestock/Freepik
Әлем18 наурыз 2024, 15:02

Вашингтондағы атыс кезінде екі адам қаза тапты

Вашингтондағы ойын-сауық кешенінде бірнеше адам оққа ұшты. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді, олардың барлығы ересек адамдар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі NBC News-ке сілтеме жасап жазды. 

Ел астанасындағы Кеннеди демалыс орталығында болған қарулы шабуылдан екі адам қаза тауып, тағы бес адам жараланды, деп хабарлады жергілікті полиция департаменті.

Полиция афроамерикалық деп сипатталған орташа денелі, ашық түсті шалбар мен көк көйлек киген күдіктіні іздеп жатыр. Оны соңғы рет елдің оңтүстігіне көлік айдап бара жатқанда көргендер бар.

Құқық қорғау органдары қылмыстың себебін зерделеп жатыр.

Колумбия округі полициясының статистикасына сәйкес, 2023 жылы Вашингтонда соңғы жиырма жылда өлім-жітім көп тіркелген жыл болды.

Бұған дейін 2023 жылы АҚШ-та 652 жаппай атыс болып, 42 оқиға адам өлімімен аяқталғаны хабарланған болатын.

АҚШ Атыс қаза тапты

Көп оқылғандар:

Тақырыпқа жаңалықтар