Placeholder
Әлем29 қаңтар 2024, 17:23

«Вагинада — сыбызғы». Германияда таланттар шоуындағы әдепсіз әрекетті талқылап жатыр

Демалыс күндері немістің RTL телеарнасының Supertalent таланттар шоуында флейташы қыз жыныс қынабымен флейтада ойнаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазылар алқасының құрамында ресейлік биші Екатерина Леонова мен модель Анна Ермакова болды. Сахнаға 41 жастағы австралиялық Беатрис Маккуйфф шықты. Оның мамандығы дәрігер, мектепте сыбызғыда ойнауды үйренген. 10 жылдан бері ол бүкіл әлемде «вагиналды флейташы» ретінде өнер көрсетіп, жыныс қынабында флейтада бірнеше нотада ойнайды. Қазір ол бұл "шеберлігін" миллиондаған неміс телекөрермендерінің алдында көрсетті.

RTL әйел денесінің бір бөлігін көрсетпей бояп тастаған.

Қазылар алқасының мүшелері, телестудия жүргізушілері мен қонақтары бұл "өнерді" екіұшты қабылдады.

BILD шолушылары Николь Рихтер мен Михаэль Шахт бұл сахнаны «талғамсыз», «таза порнография» және «масқара» деп атады.

Неміс медиа-психологы Йо Грёбель бұл арнаның стратегиясындағы өзгерісті көрсетеді дейді.

«RTL бірнеше жыл бұрын жариялаған байыптылығы сәсіз болып, тыйымды бұзуды сәтімен қолданды», - дейді ол.

BILD арнасы болса, ол көрсетілімнің әртүрлі реакция тудыруы мүмкін екенін білгенбіз деп отыр.

Сондықтан хабар тарату кезінде кәмелетке толмағандарды қорғау үшін тиісті шара қабылдадық. Оның акробатика және жамбас бұлшықетін керемет меңгергені, ерекше таланты және Supertalent-де әртүрлілікке мүмкіндік беретінін көрсетеді, - деді BILD арнасы.

Германия Шоу вагина флейта

Тақырыпқа жаңалықтар