Placeholder
ФОТО: Theins.ru/news
Әлем2 сәуір 2024, 16:00

УҚҚ Маргарита Симоньянды украин геноцидіне күдікті деп жариялады

Украина қауіпсіздік қызметі RT бас редакторы Маргарита Симоньянды украин геноцидіне шақырды деген күдікпен жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

УҚҚ ресейлік үгіт-насихат арнасының басшысын ашық түрде украиналық балаларды жаппай өлтіруге шақырды және Украинаның азаматтық инфрақұрылымына зымыран және бомба шабуылдарын жалғастыруға үгіттеді деп айыптады.

Симоньянға Украина Қылмыстық кодексінің төрт бабы – геноцид, Украинаның аумақтық тұтастығына қол сұғу, соғысты насихаттау, Ресейдің қарулы агрессиясын ақтау сияқты қылмыстар бойынша күдік келтірілгені туралы сырттай хабарлады.

Украина қауіпсіздік қызметі Маргарита Симоньян украин геноциді Күдікті

Көп оқылғандар:

Тақырыпқа жаңалықтар