Placeholder
Фото: Dmitry Serebryakov/AP
Әлем30 қаңтар 2024, 18:00

Ұлыбритания Ресейден Владимир Кара-Мурза туралы ақпарат талап етті

Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясынан Владимир Кара-Мурза туралы ақпарат талап етті, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Британия Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Мәскеу саяси тұтқын саясаткер Владимир Кара-Мурзаның қайда екені туралы дереу ақпарат беруі керек деді.

Оның Ұлыбритания және Ресей азаматтығы бар.

«Мен Украинаға басып кіруге қарсы сөйлегені үшін Ресейде түрмеде отырған британ азаматы Кара-Мурза мырзаның әл-ауқатына қатты алаңдаймын», - деп жазды Кэмерон X әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Қара-Мурзаның адвокаты мен әйелі оның колониядан «белгісіз бағытқа» ауыстырылғанын хабарлаған.

«Төрт ай бойы жалғыз адамдық камерада отырғаннан кейін Володяның Омбыдағы қатал тәртіптегі ИК-6-дан белгісіз бағытта әкетілгенін білдік», - деп жазды саясаткердің әйелі Facebook парақшасында.

2023 жылдың сәуірінде Қара-Мурза 25 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Владимир Кара-Мурза Дэвид Кэмерон Талап Ұлыбритания

Тақырыпқа жаңалықтар