Placeholder
Фото: Wolfilser/Zoonar/picture alliance
Әлем2 ақпан 2024, 3:36

Украинаға берілетін ЕО-да бұғатталған ресейлік активтер кірісі 4,4 млрд еуро

ЕО-да бұғатталған ресейлік активтерден түскен кіріс 4,4 миллиард еуроны құрады, ол соманы Украинаға өткізгісі келеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Еуропалық Euroclear депозитарийінде Украинаға басып кіруден кейін бұғатталған ресейлік 260 миллиард еуро шетелдік активтерінің 191 миллиард еуросы бар. 2023 жылға арналған 4,4 миллиард еуро көлеміндегі пайыздық кіріс депозитарийдің активтерді инвестициялау міндеттемесінің нәтижесі болды, делінген Euroclear есебінде.

Еуроодақ Ресейдің бұл тыйым салынған активтерінен түсетін пайданы Украинаға аудару жоспарын көптен бері талқылап келеді. Алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес, Еуроодақ елдері Украинаға көмектесу үшін бірауыздан келіскенше пайда арнайы қорға аударылып, сонда сақталады.

Бірақ Еуропалық комиссияның түпкілікті шешімі де, жоспары да жоқ.

Туындаған құқықтық мәселелерге байланысты ЕО аясында нақты механизм бойынша келісу өте қиын.

Бұған қоса, Брюссель бұл қаржылық тұрақсыздық пен Ресей Федерациясының жауап шараларын тудыруы мүмкін деп қауіптенеді.

Еуроодақ ресейлік актив бұғаттау Украина

Тақырыпқа жаңалықтар