Placeholder
ФОТО: BILD
Әлем26 ақпан 2024, 16:00

Украинада Германия СІМ министрінің артынан ресейлік дрондар ұшты

БАҚ жариялағандай, Украинада Германия СІМ министрі Анналена Бербоктің кортежінің артынан ресейлік дрондар ұшты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербок Николаевқа сапарын мерзімінен бұрын тоқтатты, себебі бір сәтте оның кортежін ресейлік дрондар аңдый бастады, деп хабарлайды ZDF неміс телерадиокомпаниясы және Bild газеті.

Bild тілшісінің хабарлауынша, делегацияның украиндық мүшелерінің смартфонында дабыл болған, жүргізушілер дроннан қашуға әрекеттене бастаған, ақыры олар ізін жоғалтып құтылды.

Осыдан кейін делегация мүшелерін бронетранспортерлерге көшу ұсынылды, деп хабарлайды ZDF.

Германия Сыртқы істер министрлігі Бербок сапарының мәжбүрлі түрде үзілгенін растады.

Германия СІМ Бербок Украина дрондар

Тақырыпқа жаңалықтар