Placeholder
Фото: Vitaliy Gnidyi/REUTERS
Әлем4 қазан 2023, 10:16

Украина халқы соғыс салдарынан азайып барады

Украина халқы соғыс салдарынан азайған және көптеген адам шетелге кетіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

2023 жылдың алты айында Украинада шамамен 93,5 мың бала дүниеге келді, бұл соғысқа дейінгі 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28 пайызға аз.

Ең пессимистік болжамға сәйкес, Украина халқының саны 10 жылда шамамен 37 миллионнан 26 миллионға дейін төмендеуі мүмкін, деп мәлімдеді Киевтегі Демография және әлеуметтік зерттеулер институтының директоры Элла Либанова.

Бала туу көрсеткішінің төмендеуіне халықтың кетуі де әсер етуі мүмкін.

Соғыс салдарынан Украинадан 6,2 миллионнан астам адам кеткен, оның көпшілігі еңбекке жарамды жастағы әйелдер мен балалар.

Украина халқы демография Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар