Placeholder
dpa/APAZuma picture alliance
Әлем7 желтоқсан 2023, 9:53

Украина батыры мен оның отбасы мемлекеттен тегін баспана алады

Украина батырлары мен олардың отбасы мүшелері мемлекеттен тегін баспана алады, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Бұл бастаманы Украина президенті Владимир Зеленский көтерді.

Ол Киевте украиналық әскерилермен және олардың отбасы мүшелерімен кездесуінде алғашқы пәтерлердің құжаттарын ұсынды.

«Украина Украинаны қорғайтындарды қорғайды», - деді Зеленский.

Жаңа бастама бойынша 2014 жылы соғыс басталғаннан бері Украина Батыры немесе «Алтын Жұлдыз» орденінің иегерлері атанған әскери қызметкерлер немесе олардың отбасылары жеке баспана алады.
 
Зеленскийдің айтуынша,2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Украина Батыры атағы 360 азаматқа берілді, олардың 210-ы қайтыс болғаннан кейін алды.

Украина батыры тегін баспана Отбасы бастама

Тақырыпқа жаңалықтар