Placeholder
ANADOLU AGENCY
Әлем24 қаңтар 2024, 8:34

Түркия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады

Түркия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдады, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Түркия парламентінің Бас ассамблеясы Швецияның НАТО-ға мүшелігі туралы хаттаманы ратификациялауға дауыс берді, деп хабарлайды dpa.

Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты Швеция мен Финляндия 2022 жылы НАТО-ға кіруге өтініш берді.

Финляндия 2023 жылдың 4 сәуірінде ресми түрде Солтүстік Атлантикалық альянстың мүшесі болды.

Швецияның НАТО-ға қабылдануын Түркия мен Венгрия әлі мақұлдаған жоқ.

түркия Швеция НАТО мақұлдау

Тақырыпқа жаңалықтар