Placeholder
Фото: Eduardo Munoz/REUTERS
Әлем28 қаңтар 2024, 5:14

Трамп жала жабу ісі бойынша $83,3 млн төлеуі керек

Нью-Йорк соты АҚШ-тың бұрынғы президенті және алдағы президенттік сайлауда республикашыл кандидат болуы мүмкін Дональд Трампты америкалық жазушы Элизабет Джин Кэрролға жала жабу ісі бойынша қосымша төлемге – $83,3 млн өтемақы төлеуге үкім шығарды, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Бұған дейін, 2023 жылдың мамырында қазылар алқасы Трамптың 1996 жылы Нью-Йорк әмбебап дүкенінде Кэрролға тиісіп, сексуалдық зорлық-зомбылық жасағанын анықтап, оған 5 миллион доллар өтемақы төлеткен болатын.
 
Трамп бұл процесті «сиқырға сену» және «саяси қудалау», ал үкімнің өзін «мазақ болу» атады және шағымдануға ниетті екенін айтты.

Айта кетсек, Кэрролға қатысты сот бесінші жыл өтіп жатыр.

трамп жала жабу $83,3 млн Элизабет Джин Кэрролл

Тақырыпқа жаңалықтар