Placeholder
Фото: Титаник фильмінен кадр
Әлем7 наурыз 2024, 9:00

«Титаниктегі» Роуздың өмірін сақтап қалған есік аукционға қойылды

Әйгілі «Титаник» фильмінің түсірілімі кезінде Роуз бен Джектің қоштасу сахнасына тірек болған есік аукционға қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы «Daily Mail» жазады деп жариялады Kazinform агенттігі.

Көрменің бастапқы бағасы 40 мың доллар деп белгіленгені хабарланды. Аукцион 20-24 наурызда өтеді. Есіктің ұзындығы 243 см, ені 104 см.

Анықтама үшін, «Титаник» фильмі көпшілік назарына ұсынылғанда, жанкүйерлер фильмнің аяқталуы туралы бірнеше рет дауласып, егер екі кейіпкер де сол алып есікті пайдаланғанда Джек аман қалар еді деп болжаған. Бірақ фильмнің режиссері Джеймс Кэмеронның пайымдауынша, есік Джек пен Роуздың салмағын көтере алмай, ақыры олардың бірі суға батып кетуге мәжбүр болған. Сондықтан Джек су түбіне батып кетеді, өйткені оқиға трагедиямен аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, аукционда кеме рулі мен Кейт Уинслет киген суға түсу көйлегі сатылады.

Титаник Роуз аукцион

Көп оқылғандар:

Тақырыпқа жаңалықтар