Placeholder
Фото: ТАСС
Әлем26 наурыз 2024, 12:00

Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған

Теракт болған күні Crocus City Hall ғимаратынан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Концерт залының қызметкері ТАСС-қа берген сұхбатында: «Ғимараттан 5 мың адам эвакуацияланды», - деген. Оның айтуынша, өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде жертөледен және шатырдан тағы 100 адамды құтқарған, - деп хабарлайды Arbat.media.

22 наурыз күні кешке Красногорск қаласындағы Crocus City Hall ғимаратында теракт жасалды.

Ресей Тергеу комитетінің мәліметінше, 137 адам қаза тапқан, құрбандар саны артуы мүмкін.

Мәскеу облысының денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 182 адам жарақат алған.

Терактіге қатысы бар 11 адам ұсталды, оның ішінде Украина шекарасына қарай қашпақ болған төрт тікелей кінәлі де бар.

Ресей президенті Владимир Путин теледидар арқылы сөйлеген сөзінде, алдын ала мәліметтер бойынша, теракт жасағандардың шекарадан өтуі үшін Украина жағында «терезе» дайындалып жатқанын айтты.

Ол Crocus City Hall-ға шабуыл жасағандардың барлығын анықтап, жазалауға уәде берді.

Ел президенті 24 наурызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

 

Crocus City Hall эвакуация адамдар Құтқару

Көп оқылғандар:

Тақырыпқа жаңалықтар