Placeholder
Фото: Andreea Alexandru/AP Photo/picture alliance
Әлем1 сәуір 2024, 11:55

Румыния мен Болгария ішінара Шенген аймағына кіреді

Румыния мен Болгария ішінара Шенген аймағына кіреді. 31 наурызға қараған түні Румыния мен Болгарияның ЕО-ның басқа елдерімен әуе және теңіз шекараларында шекаралық бақылау жұмысын тоқтатты. Құрлықтағы шекараларда шекаралық бақылау уақытша сақталады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Румыния мен Болгарияның Шенген аймағына толық қосылуына Австрия босқындардың ықтимал ағыны туралы алаңдаушылық білдіріп, вето қойды.

Румыния мен Болгарияның Еуропалық Одақ елдерімен құрлық шекараларында шекаралық бақылауды жою туралы шешімді ЕО Кеңесі қабылдауы керек.

Бухарест пен София бұл 2024 жылдың соңына дейін орындалады деп үміттенеді.

Шенген аймағы румыния болгария

Тақырыпқа жаңалықтар