Placeholder
Фото: Jean-Christophe Bott/Keystone/dpa
Әлем24 ақпан 2024, 17:00

Ресейдің ХОК-тағы мүшелігін тоқтату шағымы қабылданбады

Ресей Олимпиадалық комитетінің ХОК-тағы мүшелігін тоқтатуға қатысты апелляциялық шағымы қабылданбады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитетінің РОК мүшелігін тоқтату туралы шешімі «заңдылық, теңдік, болжамдылық немесе пропорционалдық қағидаттарын» бұзбады, деп мәлімдеді Спорттық арбитраждық сот.

ХОК қазан айында өзін-өзі жариялаған «ДХР» және «ЛПР», сондай-ақ Украинаның жартылай оккупацияланған Херсон және Запорожье облыстарының «Олимпиадалық комитеттері» енгізілгеннен кейін Ресей Олимпиада комитетінің мүшелігін өз қатарынан уақытша тоқтатты. 

Енді Ресей Федерациясының бұл шешімді Швейцарияның Федералдық сотында даулауға ғана мүмкіндігі бар.

Ресей Олимпиадалық комитет апелляциялық шағым

Тақырыпқа жаңалықтар