Placeholder
ото: Bernd Riegert/DW
Әлем4 ақпан 2024, 17:00

Ресейді Мюнхендегі жыл сайынғы конференцияға тағы да шақырмайды

Мюнхендегі жыл сайынғы конференцияға Ресей Федерациясы тағы да шақырылмайды.Ұйымдастырушылар Украинаға қарсы бастаған соғысқа байланысты биыл Кремль өкілдерін шақыруды орынсыз деп санайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның орнына халықаралық қауіпсіздік конференциясына ресейлік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қуғындағы ресейлік саясаткерлер шақырылады, деді форум жетекшісі Кристоф Хойсген.

Дәл осындай шешім Иранға және оңшыл популистік «Германияға балама» партиясының саясаткерлеріне қатысты да қабылданды.

Сондай-ақ, қалаусыз қонақтар Германия билігінің саясатына көңілі толмайтын кез келген саяси көзқарастағы Германия тұрғындары үшін өзін «пана» ретінде көрсететін Сара Вагенкнехт Одағы партиясының мүшелері болады.

16-18 ақпан аралығында өтетін Мюнхен конференциясына 50-ге жуық елдің мемлекет және үкімет басшылары мен 100-ге жуық министр қатысады.

Айта кетсек, бұл әлемдегі ең үлкен және ең беделді қауіпсіздік конференциясы.

Мюнхен конференциясы Ресей қатыстырылмау

Тақырыпқа жаңалықтар