Placeholder
Фото: R. Goldmann
Әлем10 ақпан 2024, 17:00

Ресейде YouTube блогерлерінің қара тізімі құрылып жатыр

Ресей Федерациясында YouTube блогерлерінің қара тізімі құрылуда: оған ресейлік әлеуметтік желілерде өз контентін орналастырмайтындар кіреді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ресейдің Қоғамдық палатасында тізімді жасау бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлады ақпараттық қоғамдастықты, БАҚ және бұқаралық коммуникацияларды дамыту жөніндегі ОП комиссиясы төрағасының бірінші орынбасары Александр Малькевич.

Оның айтуынша, түпкі мақсат – қудалау қаупімен видеоблогерлерді ресейлік интернет сайттарына көшуге мәжбүрлеу.

«Егер сіз біздің платформаларға бармасаңыз, бұл ақымақтықтан немесе әдеттен тыс кірістеріңізді жасырғыңыз келетінін немесе жау әрекеттерін жасап жатқаныңызды білдіреді», - деді Малкевич.

Оның пікірінше, бұл жерде «заң шығарушылар өз пікірін айтуы керек».

Ол қара тізімнің бірінші бөлімі балалар аудиториясы үшін жұмыс істейтін блогерлерге арналғанын түсіндірді.

«Көптеген автордың өзі кәмелетке толмаған.Осы жерде олар бұл арналарды басқара ма, әлде ата-аналары немесе қамқоршылары мұны істеп отыр ма, соны анықтау керек», - деп атап өтті Қоғамдық палата мүшесі.

Youtube қара тізім Ресей блогерлер

Тақырыпқа жаңалықтар