Placeholder
ФОТО: Mignews.ua
Әлем10 ақпан 2024, 13:00

Ресейде ұрланған украиндық балалар табылды

Халықаралық тергеушілер Европолмен бірлесіп, Ресейге жеткізілген кем дегенде сегіз украин баланың қайда екенін анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кәмелетке толмағандар орыс шапқыншылығы кезінде Ресей жеріне жер аударылған көрінеді.

Еурополдың мәліметінше, балалар туралы ақпаратты Украина билігі берген.

«Біз балаларымыз үйіне тез оралады деп үміттенеміз», - деді Нидерланды полициясының халықаралық қылмыспен күрес бөлімінің қызметкері Винсент Силлессен.

Балалардың қайда екені жарияланбады, бірақ олардың цифрлық ақпарат көздері мен бет-әлпетін тану жүйесі арқылы табылғаны белгілі.Операцияға Ұлыбритания, Австралия және АҚШ сарапшылары қатысты.

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот бұған дейін украин балаларды ұрлады деген күдікке ілінген Ресей президенті Владимир Путин мен Омбудсмен Мария Львова-Белованы қамауға алуға халықаралық ордер берген болатын.

Украин балалар халықаралық тергеушілер еуропол Ресей

Тақырыпқа жаңалықтар