Placeholder
Фото: ТАСС
Әлем29 қаңтар 2024, 15:45

Ресей: ОСК Путинді президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркеді

Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) РФ президенттігіне өзін-өзі ұсынған кандидат, қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путинді тіркеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі жазды. 

Путин президенттік сайлауда тіркелген төртінші кандидат болды. Бұған дейін ОСК үш парламенттік партияның өкілдері – Леонид Слуцкий (ЛДПР), Владислав Даванков («Новые люди») және Николай Харитоновты (КПРФ) тіркеген болатын.

Путин үшін алдағы сайлау саяси мансабындағы бесінші сайлау болады, оған дейін ол төрт рет мемлекет басшысы болып сайланған (2000, 2004, 2012, 2018). Ең жақсы нәтиже 2018 жылы көрсетілді, ол кезде Путин сайлаушылардың 76,69% дауысын жинады. 

Ресей ОСК Путин Президенттік сайлау Кандидат

Тақырыпқа жаңалықтар