Placeholder
ФОТО: Ресей Қорғаныс министрлігі
Әлем3 ақпан 2024, 17:00

Ресей армиясы Украинадағы соғысқа көне танктерді жөнелтуде

Ресей армиясы Украинадағы соғысқа көне танктерді жөнелтуде. 1970 жылдардың ортасынан бері қоймаларда бос тұрған ескі Т-55 танктері осы аптада Украинаның оңтүстігіндегі басып алынған Херсон облысында пайда болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сарапшылар кеңестік Т-55 танктері, олардың Т-62 ізбасарлары сияқты, «жылжымалы артиллерия» ретінде пайдаланылады деп болжайды.

Тиісінше, ресейлік әскерилер танктерді баллистикалық траектория бойынша бес шақырымға дейінгі қашықтықта жау позицияларына шабуыл жасауға қабілетті өздігінен жүретін артиллериялық қондырғының түрі ретінде пайдалана алады.

Т-55 танктері 1968 жылы Прага көктемі кезінде, КСРО Чехословакияға әскерін жіберіп, антикоммунистік наразылықтарды күшпен басып тастаған кезде қолданылған.

Ресей армиясы Соғыс ескі танктер

Тақырыпқа жаңалықтар