Placeholder
Фото: niioz.ru
Әлем30 қаңтар 2024, 13:23

Қытайлық дәрігерлер 7 балл жер сілкінісінде күрделі ота жасады

Қытайлық дәрігерлер 7 балдық жер сілкінісі кезінде өз міндеттерін тоқтатпаған. Шыңжаң автономиялық ауданындағы «Арал» ауруханасында ақ халаттылар науқастың бас сүйегін ашып, миына хирургиялық ота жасап жатқанда жер сілкінісі болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы  Egemen.kz 24kz-ке сілтеме жасап жазады.

Дәрігерлердің үрейге бой алдырмай операцияны жалғастырған сәті бөлмедегі бейнебақылау камерасына түскен. Аурухананы тербеген дүмпу кезінде жасалған күрделі ота сәтті аяқталып, науқастың беті бері қараған.

Айта кетейік, Қытай территориясында бүгінге дейін оқтын-оқтын жер сілкінісі болып жатыр. Ал 7 балдық жер сілкінісінен 5 адам жарақат алып, 3 адам көз жұмған.

 

Қытай Жер сілкінісі күрделі ота

Тақырыпқа жаңалықтар