Placeholder
Фото: GETTY IMAGES
Әлем2 ақпан 2024, 22:04

Қытайда екі баланы өлтірген ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді

Қытайда бірінші некедегі балаларын өлтірді деп танылған ер адам мен оның көңіл қосқан қызы өлім жазасына кесілді. Олар екі кішкентай баланы тұрғын үйдің терезесінен лақтырып жіберген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform ВВС-ге сілтеме жасап жариялады. 

Балалардың әкесі Чжан Бо мен оның сүйіктісі Е Ченчень 2020 жылы екі жасар қыз бен бір жасар ұлды өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Жұп сәрсенбі күні Чунцин қаласында өлім жазасына кесілді.

Оларға өлім жазасы нақты қалай орындалғаны белгісіз, бірақ Қытайда өлім жазасы көбіне өлімге әкелетін инъекция немесе ату арқылы жүзеге асырылады.

Сот Чжанның Е-ге өзінің отбасылық жағдайын айтпастан онымен «орынсыз» қарым-қатынаста болғанын айтты. Алайда шындықты білгеннен кейін Е онымен кездесуді жалғастырды.

Чжан 2020 жылдың ақпанында әйелімен ажырасты. Алайда сүйіктісі оның екі баласын «некеге тұруына кедергі және болашақ бірге өмір сүруіне ауыртпалық» деп санады.

Бойжеткен Чжанды қос сәбиді өлтіруге талай итермелеген. Қаскүнем жұп балалардың терезеден құлауын жазатайым оқиға ретінде ұйымдастыруды келіскен. 2020 жылдың 2 қарашасында Чжан балаларын 15-ші қабаттағы пәтерінің терезесінен лақтырып жіберді.

Бұл жаңалық елдегі таңдаулы университеттің студенті болған У Сею өлім жазасына кесілген күні тарады. Жас жігіт 2015 жылы анасын гантельмен ұрып өлтіргені үшін кінәлі деп танылған.

Қытай ерлі-зайыпты өлім жазасы Бала өлімі

Тақырыпқа жаңалықтар