Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Әлем29 ақпан 2024, 12:00

Құрсақтағы нәрестемен әңгімелесіңіздер, келіншектер

Құрсақтағы нәрестемен әңгімелесіңіздер, келіншектер. Падуя және Париж-Сите университеттерінің нейробиологтары құрсақтағы нәресте миының дамуына олардың анасынан естіген сөздері көп әсер ететінін дәлелдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tanym Media телеграм арнасы жазады.

Нәрестелер әлі құрсақта жатса да, анасының сөйлегенін ести алады.

Олар түрлі дауыс, музыка және шу сияқты басқа дыбыстарды да естиді.

Сәби шыр етіп жарыққа шыға салып анасының дауысын таниды.

Аналары жүкті кезінде көп сөйлескен сәбилердің сөйлеу қабілетіне қатысты ми белсенділігі жоғары болады екен.

Зерттеушілер сәби іште жатқан кезде ми нейрондарының дамуында тіл өте маңызды рөл атқарады деген қорытындыға келді.

Демек, баланың ана тілінде сөйлеуіне де құрсақтағы кезең ғаламат әсер етеді.

Халқымыздың аяғы ауыр келіншекке ерекше жағдай жасауы, жерік асын беруі, т.б. бала дамуы құрсақтан басталатынын білгендіктен.

Ғылыми мақала Science Advances журналына шықты.

жүктілік құрсақтағы бала байланыс Зерттеу

Тақырыпқа жаңалықтар