Placeholder
Фото: Sputnik/Mikhail Metzel/Kremlin via REUTERS
Әлем21 ақпан 2024, 16:00

Путин Ким Чем Ынға 440 мың доллар тұратын лимузин сыйлады

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Владимир Путин Ким Чем Ынға өзі жүргізетін Aurus Senat лимузинін сыйлаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның құны 440 мың доллардан басталады.

Бұл сыйлықпен Ресей президенті Солтүстік Кореяға сәнді тауарларды, оның ішінде сәнді көліктерді әкелуге тыйым салатын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкцияларын бұзды.

8 қаңтарда Ким 40 жасқа толғаны белгілі.

Владимир Путин 2023 жылдың қыркүйегінде Ресейге сапармен келген Ким Чем Ынға Aurus Senat лимузинін көрсеткен.

Оңтүстік Корея барлау қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың тамызынан бері КХДР Ресейге 1 миллионға жуық артиллериялық снаряд жеткізген.

Сарапшылар сонымен қатар Пхеньян баллистикалық зымырандарды Мәскеуге жіберген деп есептейді.

Ким Чем Ын Путин лимузин сыйлық

Тақырыпқа жаңалықтар