Placeholder
ФОТО: ЛИЛИЯ ШАРЛОВСКАЯ
Әлем17 наурыз 2024, 22:16

Пермьдегі сайлау учаскесінде жарылыс болды

Пермьдегі сайлау учаскесінде жарылыс болды. Оны 64 жастағы әйел жасаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Baza Telegram арнасы осылай деп жариялады.

Қала орталығындағы Солдатова атындағы Мәдениет үйіне 64 жастағы әйел үлкен петарда әкеліп, оны дәретханада жарып жіберген.

Properm.ru жергілікті билікке сілтеме жасап жазғандай, әйел қолынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

"Базаның" расталмаған ақпараты бойынша, жарылыс салдарынан әйелдің қолы жұлынып кеткен.

Оқиға орнынан 50 адам эвакуацияланды.

Пермь өлкесінің аумақтық қауіпсіздік министрлігі тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

Пермь Жарылыс

Тақырыпқа жаңалықтар