Placeholder
ФОТО: BILD
Әлем12 ақпан 2024, 15:34

"Өмірім көз алдымнан зу етіп өте шықты". Тейлор Свифт сахнадан құлап кете жаздады

Тейлор Свифт Токиодағы концертте сахнадан құлап кете жаздады, - деп хабарлайды Arbat.media.

34 жастағы әнші өзінің ауқымды әлемдік турнесі Eras Tour турын жалғастыруда.

Жақында Токиода өткен концертте ол сахнадан шамамен екі метр биіктіктегі платформадан түсіп келе жатқанда аяғы шалынып құлап кете жаздады.

«Бүкіл өмірім көз алдымнан зу етіп өте шықты, шүкір, қазір бәрі жақсы», - деді Тейлор Свифт, төменге түскеннен соң тыңдармандарына. 

Содан кейін ол концертін жалғастырды.

Токио концерт Тейлор Свифт

Тақырыпқа жаңалықтар