Placeholder
ФОТО: REUTERS
Әлем17 наурыз 2024, 20:36

"Одессаға қара!". Польша премьер-министрі АҚШ-қа қарата үндеу тастады

"Одессаға қара!" — Польша премьер-министрі АҚШ Өкілдер палатасының спикеріне қарата үнгдеу тастады. "Одессаға қараңыз, Майк Джонсон! Шешім қабылдау үшін тағы қанша дәлел қажет?", - деп жазды Дональд Туск Facebook парақшасында, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осылайша ол Ресейдің Одессаға жасаған соққысынан зардап шеккендерді еске алып, Конгресті Украинаға көмек көрсетуді мақұлдауға шақырды.

Ресей армиясының 15 наурызда Одессаға жасаған шабуылы нәтижесінде соңғы мәліметтер бойынша 21 адам қаза тапты. Тағы 70 адам жарақат алды.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, шабуылдар нәтижесінде азаматтық инфрақұрылымға: тұрғын үйлер, қосалқы құрылыстар және автокөліктерге зақым келген.

2023 жылдың күзінен бері АҚШ Конгресі Украинаға 60 миллиард доллар көлеміндегі жаңа көмек туралы келісімге келе алмады.

Айта кетсек, құжатты Киевке жаңа көмек көрсетуге әлденеше рет қарсылық білдірген республикашылдар ұсынатын Өкілдер палатасы қашан мақұлдайтыны әлі белгісіз.

Дональд Туск одесса Майк Джонсон Үндеу

Көп оқылғандар:

Тақырыпқа жаңалықтар