Placeholder
ФОТО: BILD
Әлем29 қаңтар 2024, 17:32

Неміс футболшылары канцлер Шольцтың кеңсесінде доп ойнады

Неміс футболшылары канцлер Олаф Шольцтың кеңсесінде доп ойнады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Желтоқсан айында Германия жастар құрамасы FIFA U-17 әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын. 

Күні кеше оларды Берлин орталығындағы Германия Федеративтік Республикасы Федералдық канцлері кеңсесіне шақырды.

Ойыншылар ол жерге доптарын ала келді. Сөйтіп канцлердің кеңсесінде доп теуіп, ерекше финттер көрсетіп, соңында Олаф Шольцке пас берді.

Олаф Шольц спортшылармен әңгімелесіп, кубокты алып суретке түсті.

 

Шольц кабинет футбол

Тақырыпқа жаңалықтар