Placeholder
Sheetpiabaca/picture alliance
Әлем24 қаңтар 2024, 5:30

Неміс актрисасы Сандра Хюллер "Оскар" сыйлығына ұсынылды

Лос-Анджелесте 96-шы «Оскар» сыйлығына үміткерлер тізімі жарияланды. Неміс актрисасы Сандра Хюллер "Оскар" сыйлығына ұсынылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сандра Хюллер «Құлау анатомиясы» фильміндегі басты рөлі үшін «Үздік әйел рөлі» номинациясына ұсынылды. Фильмнің өзі де «Үздік фильм» номинациясына ие болды.

Сонымен қатар, неміс режиссері Вим Вендерс «Үздік халықаралық фильм» аталымы бойынша «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Оның «Мінсіз күндер» фильмі Жапониядан ұсынылған. Дәл осы номинацияда Илькер Чатактың «Мұғалімдер кабинеті» фильмі «Оскар» жүлдесіне таласуда – бұл жолы Германиядан.

«Оскар» сыйлығына «Деректі фильм» номинациясында үміткерлер қатарында Мстислав Черновтың «Мариупольдегі 20 күн» фильмі Ресей әскерлерінің украин қаласын талқандауы туралы түсірілген.

10 наурызда әлемнің басты киносыйлығы – «Оскар» сыйлығын табыс етудің 96-шы рәсімі өтеді.

Сандра Хюллер Оскар Номинация Үздік әйел рөлі

Тақырыпқа жаңалықтар