Placeholder
Фото: @EmmanuelMacron/Twitter (Х)
Әлем8 мамыр 2024, 11:00

Макрон мен Си Цзиньпин Олимпиада кезінде бүкіл соғысты тоқтатуға шақырды

ҚХР көшбасшысы Си Цзиньпин Парижде өтетін Олимпиада кезінде соғысты жаһандық деңгейде тоқтату үшін Франциямен жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Еuronews жариялады деп жазады Kazinform агенттігі.

Парижде өткен баспасөз мәслихатында Си Цзиньпин Қытай Украинадағы бейбітшілікке қол жеткізуде белсенді рөл атқарып отырғанын айтты.

«Бүгін әлем тыныш емес. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі және жауапты ірі ел ретінде Қытай Париждегі Олимпиада ойындары кезінде жаһандық атысты және соғысты тоқтату мүмкіндігін пайдалану үшін Франциямен жұмыс істеуге дайын», - деді Си Цзиньпин.

Оның сөздері Олимпиада кезінде бітімге шақырған Макронның ұқсас мәлімдемелерімен үндестік тапты.

Екі басшы арасындағы келіссөзде сауда мәселесі сөз болды.

Бұған дейін Макрон Қытайдың протекционизм мен субсидияны күшейту түріндегі сауда тәжірибесін айыптаған.

Еуропа экономикалық егемендігінің жақтаушысы Францияның коньяк пен өзге еуропалық брендилерге қатысты Қытайдың демпинг тергеуіне, сондай-ақ француз косметикасы мен басқа секторлардағы шиеленіске қатысты алаңдаушылығын білдірді.

Қытай Ресей-Украина қақтығысында бейтарап екенін мәлімдеді.

 

 

Макрон мен Си Цзиньпин соғысты тоқтату Олимпиада

Тақырыпқа жаңалықтар