Placeholder
Twitter/Riposte Alimentaire
Әлем11 ақпан 2024, 14:00

Лиондағы Моненің картинасына сорпа шашылды

Экологиялық белсенділер Лиондағы Моненің картинасына сорпа құйып тастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Riposte Alimentaire қозғалысының екі белсендісі (шамамен аударғанда «Тағамның кегі») Францияның Лион қаласындағы Бейнелеу өнері мұражайында қойылған Клод Моненің «Көктем» картинасына сорпа құйып тастады.

Қыздар «осы көктем соңғы болуы мүмкін» деп айғайлады, ал қозғалыстың Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында олардың бірі белсенділер осылайша жаһандық жылыну мен ауыл шаруашылығының қоршаған ортаға әсеріне назар аударуға тырысып жатқанын айтты.

Қаңтар айының соңында сол қозғалыстың тағы екі белсендісі Луврдағы Мона Лиза картинасына көже құйған. Олар сондай-ақ «біздің ауылшаруашылық жүйеміз ауырып жатыр» деп ұран тастаған.

Экобелсенділер Клод Моне Музей сорпа

Тақырыпқа жаңалықтар